7 МЛН-ҒА КРОССОВЕР: САТЫЛЫМДАР АШЫЛДЫ

Chery Kazakhstan CHERY TIGGO 2 автокөліктерінің сатыла бастағанын жариялады.

7 МЛН-ҒА КРОССОВЕР: САТЫЛЫМДАР АШЫЛДЫ

«Астана Моторс» құрамына кіретін брендтің ресми дистрибьюторы Алматыда жабық баспасөз конференциясында жаңа модельмен таныстырды.

CHERY TIGGO 2 – қолжетімді, қолайлы субықшам кроссовер. TIGGO 2 кроссовері стильді әрі заманауи дизайнымен, жақсы өткіштігімен, үнемділігімен, жоғары жайлылық және қауіпсіздік деңгейімен ерекшеленеді. TIGGO 2 көлемі 1,5 л., қуаты 109 а.к. құрайтын атмосфералық қозғалтқышпен және қозғалтқыштың қуатын барынша тиімді қолдануға мүмкіндік беретін CVT вариаторымен жабдықталған.

CHERY TIGGO 2 жергілікті жағдайларға бейімделген: салонға кондиционер және алдыңғы орындықтардың жылытқышы орнатылған. TIGGO 2 мультимедиа жүйесі дауыспен басқарылатын Apple CarPlay және QDlink жүйелерімен, 4 динамикті аудиожүйемен интеграцияланады. Автокөлік орталық құлыппен, электрлі әйнеккөтергіштермен, артқы көрініс камерасымен және тұраққа қою датчиктерімен жабдықталған.

Күнделікті ұтқырлығынан бөлек, TIGGO 2 күнделікті пайдалану барысында да, сатып алу кезінде де өз иесіне стиль, сенімділік, қауіпсіздік және үнемділік сыйлайды: оны Trade in бағдарламасы бойынша небәрі 7 млн теңгеге алуға болады, автокөліктің максималды құны – 7, 69 млн теңге.

CHERY ресми дистрибьюторы – First Motor Group компаниясы – Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның дилерлік орталықтарында TIGGO-ның бүкіл желісі ұсынылған.
«Біздің сатылымдарымыздың статистикасы қазақстандықтардың үлкен автокөліктерді ұнататынын көрсетіп отыр, көлемі үлкен 8 PRO және 7 PRO сатылым бойынша көш бастап тұр, алайда нарықтағы сатып алушылар аудиториясы біртіндеп өзгеріп келеді, заманауи, стильді, шағын, сонымен бірге бағасы қымбат емес көлік іздеген жастар көптеп келіп жатыр. Сондықтан біз нарыққа «жолбарыстың» ең кішісін шығаруды ұйғардық. Оның техникалық сипаттамалары мен жұмсақ мінезі талайлардың жүрегін жаулап алатынына сенімдімін» – деп жаңа өнім жайлы пікір білдірді дистрибуция директоры Нұрлан Шамгонов.

CHERY TIGGO 2 сатылымдары 25 шілдеде басталды. Модель Premium жинақтамасымен сатылады, қосымша төлемге шанақтың екі түсті бояуына тапсырыс беруге болады.

Бүкіл Қазақстан аумағы бойынша CHERY ресми дилерлік орталықтарында жаңа өніммен жақынырақ танысуға, тест-драйвқа жазылуға және сатып алуға болады.

Толығырақ

Басқа жаңалықтар

Қытай Жаңа Жылы құтты болсын!

Бұл мереке жаңа бастамалар мен саяхаттардың уақыты.

CHERY ҚАЗАҚСТАНДА TIGGO 7 PRO ЖАҢАРТЫЛҒАН МОДЕЛІ МЕН ОНЫҢ ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІ НҰСҚАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Жақында Қазақстанға келеді!

Жаңартылған Tiggo 7 Pro және Tiggo 7 Pro MAX

Абай облысында өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсету

«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін Chery компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Абай ауданындағы өрттен зардап шеккендерге көмек ретінде «АҚ ЕРТІС» қоғамдық қорына 14 миллион теңге аударды.

Chery Tiggo 4 PRO көлігі үшін Trade-In

Жаңа Chery Tiggo 4 PRO көлігін стильді әрі жайлы басқарыңыз! Айрықша дизайны мен жоғары өнімділігінің арқасында Chery көлік жүргізуден ең тамаша әсер алғысы келетін жандарға мінсіз жарайды.

TIGGO 8 PRO-ға 1 000 000 теңгеге дейін пайда

Chery TIGGO 8 PRО-ны сатып алудың одан да көп пайдасы. Тек Қаңтарда! Chery TIGGO 8 Pro-ді 1 000 000 теңгеге дейін пайдамен сатып алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!