CHERY TIGGO 8 PRO MAX экстерьерінің дизайны үлкен қаладағы өмір темпераментіне сәйкес келеді. Автокөлік шанағындағы жатық және имек сызықтардың үйлестігі оның келбетіне бір мезгілде айбынды сенімділікті және күшті қуат энергиясын береді.
Толығырақ


Автокөліктің алдыңғы бөлігі «Қозғалыстағы өмір» тұжырымдамасын жеткізіп тұрады және халықаралық дизайн тілінде Қытайдың бірегей пішіні мен эстетикасын бейнелейді.
Толығырақ
Full-LED жарықдиодты оптикасы
Артқы матрицалық шамның жарық көзі жақсы танылады, ал динамикалық бұрылыс сигналы жолда жақсы байқалады.
Алдыңғы фараларда жарықтандыру тиімділігін жоғарылату және энергия тұтынуды төмендету үшін жарықдиодты жарық көзі қолданылады. Шалғай жарықтың жарықтандыру қашықтығы 150 м-ден асады, ал таяу жарықтың жарықтандыру ені – 27 м. Динамикалық көрінісі бар бұрылыс көрсеткішінің шамы 14 жарықдиодты жарық көзінен тұрады және секундына 1 рет жиілікпен жыпылықтайды.

Арынды келбет
Жатық параллель сызықтар автокөліктің артқы бөлігінің дизайнының негізіне алынып, оның келбетіне салмақты бедерлілік қосып тұр. Алты қырлы артқы LED-шамдар алдыңғы динамикалық бұрылыс көрсеткіштерінің орындалуымен визуалды түрде үндесіп тұр.
Шанақтың артқы бағанына қарай иіліп барып төмендейтін төбе мен спойлердің дөңесі келбетке арынды сипат береді. Кроссовердің ширақтығы екі келте құбыры бар түтін шығару жүйесінен визуалды түрде көрінеді.

Екі түсті 18” құйма дискілер
Екі түсті 18” құйма дөңгелек дискілері тамаша антикоррозиялық төзімділікке ие алюминий қорытпасынан жасалған. Ені 235 мм шиналарға қондырылған Tiggo 8 Pro MAX-тың үлкен және салмақты шанағы тіпті жоғары жылдамдықтарда да тұрақты күйін сақтайды.

7 орынды Tiggo 8 Pro MAX-тың сәнді былғары салонында үшінші қатар тек төтенше жағдайларда ғана емес, күнделікті пайдалануға да қолайлы.
Толығырақ
Электржетегі, баптаулар жады және бел тіреуішінің реттегіші бар жүргізуші орындығы тіпті ұзаққа созылған сапар кезінде де жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді. Электрлі желдеткіш және жылытқыш, эргономикалық бассүйегіш — барынша жайлы.
Толығырақ
Цифрлық басқару аймағы 12,3” кіріктірілген екі экранды біріктіреді. 1920x720 орталық HD-дисплей навигацияны, автокөлік баптауларын және ауқымды мультимедиа функционалын интуитивті басқаруға мүмкіндік береді. Цифрлық аспаптар тақтасы орталық мультимедиа экранымен өзара әрекеттесе алады.
Толығырақ
Сәнді интерьер
Қара және қоңыр түсті сәнді былғары интерьері мен лазермен жасалған әрлемесі дара стильді айқындап көрсетеді. Бұл ретте ол өте қолайлы, мұны кішкентай балалары немесе үй жануарлары бар отбасылар бағалай алады.
Жүргізуші орындығының 6 бағыттағы электрлік реттеуіштері, орындықтардың жылытылуы, дамыған бүйірлік тірек сізге таңдаулы деңгейдің ыңғайлылығы мен жайлылығынан рақаттануға мүмкіндік береді.
Орындықтардың үшінші қатары тіпті жетеу болсаңыз да, бүкіл отбасымен ең алыс саяхаттарға жайлылықпен жол жүруге мүмкіндік береді!

Қомақты жүксалғыш
Сыйымдылығы 2 000 литрден асатын қомақты жүксалғыш қолдың көмегінсіз автоматты түрде ашылу функциясымен жабдықталған, бұл заттарды тиеу кезінде өте қолайлы.
Егер заттарыңыз жүксалғышқа сыймаса – оларды көлік төбесіне бекітіңіз. Орнатылған рейлингтер аспалы рейлингтерге қарағанда мықтырақ. Аэродинамика жақсырақ болуы үшін ол заттарыңызды барынша төмен орналастыруға көмектеседі.

Панорамалы төбе
Бірінші кластағы орындарыңыз. Ауданы 1,96 м² люгі бар SKY LOUNGE панорамалы төбесі жолаушыларға шегі жоқ жұлдызды аспанды тамашалап, ләззат алуға мүмкіндік береді. Люктің күннен қорғайтын пердесі 100 % күңгірттеуді қамтамасыз етеді және жазда салонды күйдіретін күн

Ылғал типті екі ілінісуі бар преселективті роботтандырылған 7 сатылы DCT7 трансмиссиясы 4WD интеллектуалды толық жетегімен оңтайлы үйлеседі.
Толығырақ
Жаңа 2.0 TGDI қозғалтқышы – сенімді, қуатты және үнемді. Ең жаңа газ үлестіру фазаларын өзгерту жүйесінің және жоғары қысыммен тікелей бүркудің арқасында максималды айналдыру моменті 2000 айн/мин кезінде 375 Нм-ді құрайды.
Толығырақ
Интеллектуалды толық жетек — қаладан тыс жерде жоғары өткіштік кепілі. Жол жағдайларына байланысты интеллектуалды көмекші автоматты түрде 2WD және 4WD жетегін ауыстырып қоса отырып, жүргізу режимін таңдайды.
Толығырақ
Динамика және драйв
Жаңа 2.0 TGDI қозғалтқышы – сенімді, қуатты және үнемді. Ең жаңа газ үлестіру фазаларын өзгерту жүйесінің және жоғары қысыммен тікелей бүркудің арқасында максималды айналдыру моменті 2000 айн/мин кезінде 375 Нм-ді құрайды.
Ерекше пішінді өзіне тән диффузоры бар кіргізу арнасы цилиндрге кірістегі ауа ағынының үдеуін қамтамасыз етеді, бұл отын мен ауаның жақсырақ араласуына мүмкіндік береді, жану тиімділігін сапалы түрде жоғарылатады және отынның тамаша үнемділігін қамтамасыз етеді.
Жылдамдықты 0-ден 100 км/сағ-қа дейін үдету небәрі 8,5 секунд уақытты алады.

Авиациялық технологиялар
Chery – авиақозғалтқыштарды сәтті әзірлеп шығарған және өндіретін жалғыз қытайлық автоөндіруші. Ары қарай ең заманауи және озық технологиялар жеңіл автокөліктерге арналған ІЖҚ жобалау барысында сәтті қолданылып жатыр.
Әлемдік көшбасшы жеткізуші BorgWarner компаниясының ең жаңа VVT (газ үлестіру фазаларын өзгерту) конструкциясының қолданылуы шуылдар мен дірілдерді айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге, сондай-ақ отын шығынын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Преселективті БАҚ
Жаңа 2.0 TGDI қуаты екі ілінісуі бар 7 сатылы беріліс қорабының жаңа буынымен оңтайлы үйлеседі.
DCT7 – ылғал типті екі ілінісуі бар преселективті роботтандырылған 7 сатылы трансмиссия 4WD интеллектуалды толық жетегімен оңтайлы үйлеседі. DCT7 спорттық және жайлы жүргізу режимдерін, сондай-ақ руль астындағы құлақшалардың көмегімен басқаруды қолдайды.
Жүктеменің максималды айналдыру моменті 400 Нм-ді құрайды, бұл пайдалану сенімділігін және айтарлықтай беріктік қорын кепілдендіруге мүмкіндік береді.

Климат-контрольдің түрлі түсті 8" сенсорлы экраны – премиум сегментінің тренді. Ауаны баптау жүйесінде қорғаныс деңгейі жоғары N95 ұсақ түйірлер сүзгісі пайдаланылады. Ол 0,3 мкм асатын зиянды элементтердің 95 % астамын сүзіп алады.
Толығырақ
Цифрлық басқару аймағы 12,3’’ кіріктірілген екі экранды біріктіреді. 1920x720 орталық HD-дисплей навигацияны, автокөлік баптауларын және ауқымды мультимедиа функционалын басқаруға мүмкіндік береді.
Толығырақ
Жүргізушінің 10 бағытта (оның ішінде бел аймағы) электржетекпен реттелетін технологиялық орындығы эргономикалық тұрғыдан өте жайлы әрі баптау жадтары бар. Премиалды деңгейдегі жайлылықты сезініңіз!
Толығырақ
Премиумдық аудиожүйе
8 Sony динамигінен тұратын премиумдық аудиожүйе сүйікті музыкалық шығармаларды тыңдаудан шынайы ләззат сыйлайды. Ал TIGGO 8 PRO MAX интерьерінің көп түсті көмескі жарығы музыка ырғағына бейімделе отырып, ерекше атмосфера қалыптастырады.
Жеті реңкті палитрасы бар атмосфералық көмескі жарық жолаушылардың көңіл күйін көтереді. Оның жұмыс істеу режимінің аудиожүйе әуенінің ырғағымен үйлесуі өзіндік ерекшелік береді.

Цифрлық басқару
Руль бетіндегі түймелер телефон қоңырауларын, круиз-контрольді және бірқатар медиафункцияны басқарады. Руль астындағы құлақшалар автокөлікті толық бақылауға алуға мүмкіндік береді. Тоғын қолмен ұстауға өте ыңғайлы етіп жасалған.
Беріліс қорабының электрондық селекторы — қолайлы және актуалды шешім. Ол басқаруды барынша жеңілдетеді және кез келген жүргізушіге түсінікті. Ауыстырып қосу алгоритмі классикалық селекторларды қолданғанға ұқсас келеді.

Толық қысқы пакет
Ең суық күндері толық қысқы пакет жайлылықты қамтамасыз етеді. Машинада қапталдағы айналар, артқы және алдыңғы әйнектер, алдыңғы және екінші қатар орындықтары, руль және әйнекжуғыштың форсункалары жылытылады. Екі аймақтық климат-контроль және артқы жолаушыларға арналған дефлекторлар салондағы жайлы температураны қамтамасыз етеді.
Жылытқышы бар жайлы орындықтар ойластырылған эргономикасымен ерекшеленеді: ұзақ сапарлар бұдан да жоғары класты автокөліктегідей жеңіл болады. Жоғары сапалы былғарымен қапталған, жылытылатын, көпфункциялы руль еңкейту және көтеру бұрышына қарай реттеледі.
Қозғалтқышты кілттегі түйме арқылы қашықтан қосу қыста да, жазда да көмектеседі. Салпыншақтан берілетін пәрмен бойынша маусымға қарай салонды жылыта немесе салқындата отырып, климат жүйесі де мотормен бірге жұмыс істей бастайды.

Жаңа 2.0 TGDI қозғалтқышы – сенімді, қуатты және үнемді. Ең жаңа газ үлестіру фазаларын өзгерту жүйесінің және жоғары қысыммен тікелей бүркудің арқасында максималды айналдыру моменті 2000 айн/мин кезінде 375 Нм-ді құрайды.
Толығырақ
ESP BOSCH 9.3 қауіпсіздік жүйесінің кешені энергия тұтынуды төмендету, есептеуді жылдамдату және жауап қайтару уақытын азайту үшін өнімділігі жоғары ең жаңа 4 ядролық процессорды пайдаланады.
Толығырақ
Интеллектуалды толық жетек — қаладан тыс жерде жоғары өткіштік кепілі. Жол жағдайларына байланысты интеллектуалды көмекші автоматты түрде 2WD және 4WD жетегін ауыстырып қоса отырып, жүргізу режимін таңдайды.
Толығырақ
БАҚ электронды селекторы
Берілістерді ауыстырып қосудың сәнді жоғары технологиялы электрондық иінтірегінің пайдаланылуы оңай, ол дәл ауыстырып қосуды және жоғарырақ қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді. Трансмиссияны басқару жүйесінің (соның ішінде EPB электрондық тұрақ тежегіші) автокөліктің жалпы ақпараттық желісімен терең бірігуі басқару жайлылығы мен қауіпсіздікті арттырады. AutoHold функциясы қысқа аялдамалар кезінде автокөліктің уақытша бекітілуін (тежелуін) жүзеге асырады.

Белсенді қолдау көмекшілері
TIGGO 8 Pro Max қауіпсіздік көмекшілері және жолдағы белсенді көмек пакетімен жабдықталған, олардың ішінде: бейімделетін круиз-контроль (ACC), қозғалыс жолағынан шығып кету туралы ескерту (LDW), жолақта ұстау көмекшісі (LKA), кептелістерде қозғалу көмекші жүйесі (TJA/ICA), алдыңғы жақтан соқтығысу туралы ескерту жүйесі (FCW), автономдық шұғыл тежеу жүйесі (AEB), жол белгілерін анықтау жүйесі (SLA), есіктерді ашу кезінде қауіп-қатер туралы ескерту (DOW), артқы жақта көлденең бағыттағы соқтығысу туралы ескерту (RCTA) және таяу/шалғай жарықты автоматты түрде ауыстырып қосу (IHC).

Белсенді қауіпсіздік көмекшілері
10-нан астам белсенді қауіпсіздік жүйесі, соның ішінде ABS, EBD, HDC, HBA, TCS+EDL және басқалары TIGGO 8 PRO кроссоверінің сенімді бақылануын қамтамасыз етеді.
Әрбір шина қысым датчигімен (TMPS) жабдықталған, ол сымсыз радиожиілікті сигналдардың көмегімен әрбір шинадағы қысым мен температура мәндерін қабылдайды және аспаптар тақтасының дисплейіне береді және тиімді түрде жазатайым жағдайлардың алдын алады.

Автокөліктің екі жағында да көзден таса аймақтарда көлік құралдарының пайда болуы микротолқынды радармен бақыланады, қауіпті жағдай туралы дыбыстық және визуалды сигналмен (BSD) ескертіледі.
Толығырақ
TIGGO 8 PRO MAX Қытай автокөлік технологиялары мен зерттеулері орталығының C-NCAP әдістемесі бойынша 5* деген ең жоғарғы қауіпсіздік бағасын лайықты түрде алды. Кешенді қорғаныш 6 қауіпсіздік жастығын және мықты күштік қауіпсіздік қаңқасын қамтиды.
Толығырақ
CHERY TIGGO 8 PRO MAX-ға кепілдік қайсысының бұрын орын алатынына қарай рекордтық 7 жылды немесе 200 000 км-ді құрайды. Сапасына және беріктігіне сенімділік ұзақ мерзімді сынау бағдарламасына негізделеді.
Толығырақ
Мырышталған шанақ
Коррозияға төзімді мырышталған шанақ ауыр климаттық жағдайларда пайдалануға бейімделген. Катафорезді грунттаудың көп кезеңді үдерісінің арқасында коррозияға төзімділік 25 есе жоғары. Жоғары тозу әсеріне ұшырауға бейім жерлерде қосымша қорғаныш үшін пластиктен және композитті материалдардан жасалған бөлшектер орнатылады.

Белсенді қауіпсіздік
Ең жаңа Bosch ESP 9.3 жүйесі алдыңғы буынмен салыстырғанда 33 есе дәлірек. Жылдам әрекет жасаудан басқа акустикалық жайлылыққа да көңіл бөлінді.
Шиналардағы қысым мен температураны бақылау датчиктері қысым туралы деректерді радиоарна арқылы береді және жүргізуші оларды аспаптар тақтасынан көреді.

Интеллектуалды жарықтандыру жүйесі
Толығымен жарықдиодты оптика – барлық нұсқасы жабдықталған. Интеллектуалды жарық түсіру жүйесіне қауіпсіздігіңіз үшін қараңғы уақытта жарық датчигін және фаралардың сөнуін кідірту жүйесі кіреді. Жарықдиодтардың тиімділігі галогенмен салыстырғанда 2,7 есе жоғары. Фараларға стильді күндізгі жарықтар және динамикалық бұрылыс көрсеткіштері орнатылған.
Күшейтілген шанақ қаңқасы BENTELER AG неміс концерні өндірген, бағдарламаланатын деформация аймақтары бар, беріктігі жоғары термоқалыпталған болаттың 5 сұрпынан жасалған. Шанақ едені ЖКО кезінде қауіпсіздікті арттыру үшін үштік лонжерондармен қосымша күшейтілген.

Көліктің суреті сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.


