Chery Aktau
9 индустриалды аймақ, 60 ғимарат
Дене түсі
Түсіңізді таңдаңыз

Қою қара
Көліктің суреті сайтта көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін.
Жаңа жарқын бейне
Жаңа жарқын бейне

Күнделікті өмірге салтанатты түрде енген New Tiggo 7-нің алдыңғы бөлігі «Отбасылық жеңістерге арналған көлік» философиясын бейнелейді. Оның мінсіз дизайнында CHERY компаниясының пішін мен ішкі құрылымның үйлесімділігіне деген ерекше көзқарасы көрінеді.

Керемет әсер қалдыратын силуэт
Керемет әсер қалдыратын силуэт

Шанақтың артқы тірегіне төбенің біртіндеп өтетін бөлшегі арқылы пайда болатын «қалқып тұрған» төбе әсері спойлердің шығыңқы бөлігімен күшейтіледі. Бұл автокөліктің силуэтіне шапшаңдық әсерін береді, аэродинамикасын жақсартады және жоғары жылдамдықта тұрақтылық қосады.

Артқы бөлігінің жаңартылған дизайны
Артқы бөлігінің жаңартылған дизайны

New Tiggo 7 артқы бөлігінің жаңа дизайны сәнді LED фараларын біріктіретін, автокөлікке заманауи және динамикалық көрініс беретін, әсем орындалған жарық жолағымен ерекшеленеді. Газ шығатын құбырдың қосарланған келтеқұбыры қосымша сән беріп, New Tiggo 7 спорттық сипатын ерекшелеп көрсетеді.

Экстерьері

Diamond Matrix алты қырлы ромб тәрізді торы
Diamond Matrix алты қырлы ромб тәрізді торы

Футуристік 3D-матрица түрінде орындалған және жарқыраған гауһар тастарды еске түсіретін көз тартарлық бөлшектермен безендірілген.

Жаңа 18 және 19 дюймдік дискілер
Жаңа 18 және 19 дюймдік дискілер

Алюминийден құйылған дискілер коррозияға қарсы керемет қасиеттерімен ерекшеленеді. Жаңа екі түсті 18” және 19” құйма дискілерінің дизайны автокөліктің динамикалық бейнесіне қосымша жарқындық береді.

Жаңа технологиялық бампер
Жаңа технологиялық бампер

Ауа тартқыш аймағындағы алдыңғы бампер брендтің дәстүрлі концепциясы — «Қозғалыстағы өмір» ұстанымына сай көлбеу динамикалық сызықтармен безендірілген.

Қара элементтері бар кіріктірілген аэродинамикалық рейлингтер
Қара элементтері бар кіріктірілген аэродинамикалық рейлингтер

Шанақтың қара түске боялған тіректерінің қара реңкті әйнектерімен визуалды бірігуі «қалқып тұрған» төбе әсерін тудырады.

Таңдауыңызды шындыққа айналдыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Бізге сенім артыңыз, біз сізге жаңа автокөлікке қол жеткізуге көмектесеміз!

Иесі болыңыз New Tiggo 7

Таңдауыңызды шындыққа айналдыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.
Бізге сенім артыңыз, біз сізге жаңа автокөлікке қол жеткізуге көмектесеміз!
img
Жаңа әрі сәнді салон
Жаңа әрі сәнді салон

Қара немесе ерекше қою қоңыр түсті эко былғарымен қапталған сән-салтанатты салон өзіне тартып тұрады. Электржетегі, баптаулар жады және бел тіреуішінің реттегіші бар жүргізуші орындығы тіпті ұзаққа созылған сапар кезінде де жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді. Электрлі жылытқыш пен эргономиялық бассүйегіш жалпы жайлылық сезімін толықтырады.

Салондағы жылы әрі жайлы атмосфера
Салондағы жылы әрі жайлы атмосфера

Интерьердегі атмосфералық жарықтандыру сүйікті музыкаңыздың ырғағымен үйлесуі мүмкін. Жоғары сапалы динамиктердің терең әрі әсерлі дыбысы сізді жарқын эмоцияларға толы әлемге батырады.

Кең әрі тиімді
Кең әрі тиімді

Кең салон және қолдың көмегінсіз автоматты түрде ашылу функциясы бар 1500 литрге дейінгі жүксалғыш заттар жүктеуді барынша ыңғайлы етеді.

New Tiggo 7 автокөлігінің кең жүксалғышы отбасылық саяхаттарыңызда маңызды рөл атқаратын болады, өйткені ол чемодандарды, балалар арбасын, спорттық жабдықты, азық-түлікті және басқа да көптеген заттарды тасымалдауға кеңістік ұсынады. Барлық қажеттіліктеріңіз үшін әрқашан жеткілікті орын болатынына сенімді бола аласыз.

Панорамалық төбе
Панорамалық төбе

Люгі бар панорамалық төбе жолаушыларға салонда жайлылық пен қауіпсіздікте бола отырып, шексіз аспанды, тау шыңдарын немесе мегаполистегі биік ғимараттарды тамашалауға мүмкіндік береді. Люктің күнқағар қалқасы іс жүзінде толық қараңғыландыруды қамтамасыз етіп, күйдіргіш күннен сенімді қорғайды және ыстық күндерде салондағы температураны төмендетуге қосымша ықпал етеді.

Барынша жағымды атмосфера
Барынша жағымды атмосфера

New Tiggo 7 салонында бәрі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған — тіпті жүргізуші мен жолаушының күннен қорғайтын күнқағарында айна жарығын реттеу функциясына дейін қарастырылған. Салонның ішіндегі атмосфералық жарықтандыру сіздің сүйікті музыкаңызбен біріктірілуі мүмкін, ал жоғары сапалы динамиктердің терең әрі жүрекке әсерлі дыбысы сізді жарқын эмоцияларға толы қызықты әлемге батырады.

Жеке жайлылықпен отыру
Жеке жайлылықпен отыру

Электржетегі, баптаулар жады және бел тіреуішінің реттегіші бар жүргізуші орындығы тіпті ұзаққа созылған сапар кезінде де жайлы жүргізуді қамтамасыз етеді. Электрлі жылытқыш пен эргономиялық бассүйегіш жалпы жайлылық сезімін толықтырады.

Былғарымен қапталған мультируль
Былғарымен қапталған мультируль

Ыңғайлы басқару батырмалары арқылы көлік жүргізуден ләззат алыңыз.


Иесі болыңыз New Tiggo 7
img
Ақылды технологиялар

Айнала шолу жүйесі
Айнала шолу жүйесі

Жоғары айқындықтағы HD-камералары бар айнала шолу жүйесі артқы жүріспен жүрген кездегі немесе 20 км/сағ-тан төмен жылдамдықпен маневр жасау кезіндегі көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда автокөлікті басқаруды жеңілдетеді.

Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері
Жүргізушіге көмек көрсету жүйелері

Айнала шолу, сымсыз зарядтау, Apple Car Play/Android Auto қосу мүмкіндігі — көлік жүргізу кезінде барынша жайлылықты қамтамасыз ететін технологиялық шешімдер. Ақылды дауыстық көмекші жолдан көз алмай-ақ, цифрлық басқарудың барлық мүмкіндігін пайдалануға көмектеседі.

Көлік жүргізуден алатын жарқын эмоциялар
Көлік жүргізуден алатын жарқын эмоциялар

Салонда ерекше көзге түсетін, жарықтандырылған жолбарыс бейнесі бар жаңа БҚ иінтірегі ыңғайлы басқаруды қамтамасыз етеді.

Климатты басқару
Климатты басқару

New Tiggo 7-дегі екі аймақ үшін жайлы климатты көлік жүргізуден алаңдамай, жедел басқару пернелері немесе дауыстық көмекші арқылы баптаңыз.

ТИІМДІ, ЗАМАНАУИ 1.6T ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ
ТИІМДІ, ЗАМАНАУИ 1.6T ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ

Толық электроникамен басқарылатын DCT 7 роботтандырылған беріліс қорабымен біріктірілген сенімді, қуатты және үнемді 1.6 TGDI қозғалтқышы өзінің барлық артықшылығын ашуға қабілетті және оңтайлы шешім болып есептеледі. Ақылды толық жетекті жүйе мен жол жағдайларына байланысты 2WD және 4WD режимдері арасында ауыстыру мүмкіндігі сізге қозғалыс бағытын таңдау барысында толық еркіндік береді.

Техникалық
Маркетингтік акцияларды есепке алғандағы ең жоғары қайта сату бағасы. Оферта емес. Толық ақпаратты CHERY ресми дилерлерінен нақтылаңыз
сипаттамалар
Прайс тізімін алу

НҰСҚАЛАРЫ

Prime FWD

Ultimate AWD

2.0 8AT

13 390 000 тг

14 990 000 тг

НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕР
Ұзындығы х Ені х Биіктігі, мм  4553х1862х1696
Дөңгелектер базасы, мм 2670
Дөңгелектер жолтабаны (алдыңғы/артқы), мм 1570/1570
Жабдықталған массасы, кг 1557 1643
Толық массасы, кг 1887 1967
Жүксалғыш көлемі (5/2 орын), л 475/1500
Отын багының көлемі, л 51
Клиренсі, мм 190
Шина өлшемі  225/60 R18 225/55 R19
НЕГІЗГІЛЕР
Шанақ Жүк көтеретін шанақ
Жетек Алдыңғы Толық
Жүріс бөлігінің түрі

Алдыңғы жүріс бөлігі: Тәуелсіз, McPherson типті
Артқы жүріс бөлігі: Тәуелсіз, көп иінтіректі

Руль күшейткіші түрі Электрлік
ТЕЖЕУ ЖҮЙЕСІ
Дөңгелектердің тежеу механизмдері (алдыңғы/артқы) Желдетілетін дискілі/ Желдетілмейтін дискілі
Тұрақ тежегішінің түрі Электрлік
КҮШТІК АГРЕГАТ
Қозғалтқыш моделі SQRF4J16
Түрі

Отынды таратып тікелей бүркитін, турбоайдауышы мен аралық
салқындатқышы бар қатарлы төрт цилиндрлі

Қозғалтқыш көлемі, см3

1598

Максималды қуаты, кВт/айн.мин (а.к.) 110/5500 (150) 
Максималды айналдыру моменті, Нм/айн.мин. 275/2000-3800 
Максималды жылдамдық, км/сағ 192 
ОТЫН
Отын шығыны (қала), л/100 км 10,2 9,7
Отын шығыны (тасжол), л/100 км 6,2 7
Отын шығыны (аралас), л/100 км 7,7 7,9
Отын АИ-92 және одан жоғары
Экологиялық классы Euro 5 

СО2 газ шығарындылары (аралас), г/км

175

188
Несие калькуляторы
New Tiggo 7
img
0%
Ай сайынғы төлем сомасы
0
* Бұл есеп тек анықтамалық сипатқа ие және жария оферта болып табылмайды. Толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстандағы Chery ресми дилерлеріне хабарласыңыздар.
Қосымша жабдық
Ыңғайлылықты, қауіпсіздікті және функционалдылықты арттыруға арналған техникалық жақсартулар мен керек-жарақтардың кең ауқымы
Толығырақ

Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.

Менің таңдауларымды орнатыңыз